Сайт Өрлеу

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ОРТА БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейінде «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша 13-24.05.2019ж. уақыт аралығында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізіліп жатыр.

Курс бағдарламасының мақсаты: «Қазақстан тарихы» және «Құқық негіздері» пәндері бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері: мұғалімдерге пән бойынша бағдарламаның жаңартылған мазмұны мен құрылымын білуін қамтамасыз ету, жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету және пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Курс барысында мұғалімдер пән бойынша келесідей оқу нәтижелеріне қол жеткізеді: жаңартылған бағдарламаның мақсаттарын, міндеттерін, құрылымы мен мазмұнын түсініп, біледі және жаңартылған бағдарламаға сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі. Сондай-ақ, пән бойынша жаңартылған бағдарламадағы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және оны тәжірибеде қолдана алады.