Сайт Өрлеу

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ КУРСТАР

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ КУРСТАР

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЗАМАНАУИ КУРСТАР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында 2019 жылдың 13-24 мамыр аралығында «Биология» және «Жаратылыстану» пәндері мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Айнұр Нұрланқызы Мускинаның жетекшілік етуімен біліктілік арттыру курсы өткізіліп жатыр.

Курстың негізгі мақсаты: оқу бағдарламасы мен критериалдық бағалау жүйесін енгізу аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін шыңдау.

Курс барысында жалпы білім беру ісіне ой шолып, білім саласын реформалау мәселесін талдау міндеті қойылды. Мұғалімдер сабақ құрылымын жан-жақты талдап, педагогикалық әдіс-амалдарды айқындап, бағалау тетіктеріне тоқталып, пәннің оқу бағдарламасы аспектілеріне көңіл бөлуде.