Сайт Өрлеу

Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу

2019 ж. 09 қыркүйегінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында орта білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Мектепте қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету және зорлық-зомбылықты болдырмау, жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында тренер Л.К. Боранбаеваның жетекшілік етуімен басталған курс өз жұмысын жалғастыруда.

Курс барысында шақырылған дәріскер, білікті маман, п.ғ.к. Майра Намгеновна Кунанбаеваның ұсынып отырған қызықты тренингтері мен практикалық жұмыстарына тыңдаушылар қызығушылық танытуда. Тыңдаушылар өздерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында көптеген әдіс-тәсілдерді үйреніп, ой бөлісіп, сондай-ақ өз тәжірибелері мен толғандырған сұрақтарын ортаға салып, пікір алмасуда белсенділік танытуда.