Сайт Өрлеу

ӨЗІҢДІ ТАНУ — ІСТІҢ БАСЫ

ӨЗІҢДІ ТАНУ — ІСТІҢ БАСЫ

ӨЗІҢДІ ТАНУ — ІСТІҢ БАСЫ

2019 ж. 9-20 қыркүйек аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ базасында тренер Г.К. Даулетбаеваның жетекшілік етуімен «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдеріне арналған «Өзіңді тану — істің басы» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өтті.

Курстың алғашқы аптасында тыңдаушылар қазіргі әлемдегі рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының басымдылығымен танысып, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи-философиялық негіздерінен мол мағлұмат алды. Әлемнің және Қазақстанның мәдени-тарихи мұрасының біртұтас рухани негізін анықтау жұмыстарында белсенділік танытып, ақылдың табиғаты, педагогиканың үш типі, педагогтің үш стилі және ізгілік педагогикасы туралы білді. Курс барысында тыңдаушылар «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша негізгі мектепте ашық сабақтарға қатысты.

Тыңдаушылар екінші аптада аксиологиялық негіздермен және «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру әдістемелерімен танысып, сабақ жоспарын құрастыру жолдарын үйренді. Курс барысында дайындаған сабақтарды қорғау арқылы теорияны тәжірибемен жетілдірді.