Сайт Өрлеу

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

2020 жылдың 15 қаңтарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында тренер Г.К.Даулетбаеваның жетекшілік етуімен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұрсұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Гуманитарлық колледж базасында біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курс «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи және психологиялық-педагогикалық негіздері»;

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері»;

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі» үш негізгі модулі бойынша өтеді.

Тыңдаушылар курс барысында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақ жоспарын құрастырып, түрлі тапсырмаларды орындап, білімдерін толықтыратын болады.