Сайт Өрлеу

2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім

2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім

2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім

2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы онлайн режимде басталды. Курсты жүргізуші тренер Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы.
Курс бағдарламасы орыс тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерін қазақ тілін үйретуде белсенді оқу стратегияларын қолдануды қажетті көлемде оқытуға және тұрақты кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған.
Курстың мақсаты –оқу процесін жобалау және ұйымдастыру бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттерін арттыру.
Міндеттері:
1) нормативтік құқықтық актілермен бекітілген орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын зерделеу;
2) орта білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттарын жүзеге асыру үшін критериалды бағалау жүйесін қолдану білігін және түсінуін қамтамасыз ету, кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (АКТ) қолдану дағдысын дамыту;
3) педагогикалық қызметтің түрлерін құрылымдау, оның ішінде табысты оқуға қол жеткізу үшін SMART-жоспарлаудағы (Self Monitoring Analysis And Reporting Technology – Cелф Мониторинг Анализис энд Рипотинг Текнолоджи) мұғалімдердің дағдыларын қалыптастыру.

2 комментариве к “2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім

  1. Салтанат Жұмаханқызы

    Қашықтан оқыту онлайн-курсы-
    бүгінгі күн талабы
    Бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қарусыз елді жаулап алған COVID-19 індетіне шарасыздан көніп отырмыз.
    Алайда, жер бетіндегі тіршілік жалғасуда…Біз, ұстаздар қауымы да, қол қусыра қарап отырмай, өз білімдерімізді жетілдіру жолында онлайн — курс жүйесінде дәріс алудамыз.
    «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы ПКБАИ 11.05 — 22.05.2020 жыл аралығын қамтитын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курсқа қатыстық.Курс жаңартылған бағдарлама бойынша тренері Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы жетекшілігімен басталды.
    Үш күнде алған әсеріміз қандай?
    Бұл дәрістен не ой түйдік?- деген мәселеге тоқтала кетсек…
    1-ші күні өтілген дәріс тақырыптары:
    «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңдері», «Функционалды сауаттылық салалары » мен оқытудағы интерактивті оқыту формалары мен әдістері туралы және бәрімізге қатысты көкейкесті мәселе » Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылай отырып, ұстаз тақырыбына эссе жаздық.
    2-ші күні » Саралап оқытудың тәсілі мен әрекеттерін » ,» Мәңгілік Елдің » 7 құндылығының нақты мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолдарын айқындадық.
    3-ші күні қазақ тілі мен әдебиетін деңгейлеп оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен әдіснамалық және төл тілімізді оқытудағы жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау туралы мағлұматтармен таныса отырып, өз білімдерімізді толықтырдық.
    Дәріс беруші — тренер Ғалымжанова Фариза Баққалиқызының жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігінің арқасында күнделікті YouTube арнасында тікелей эфирде берілген әр дәріс тақырыптары (слайд-презентация арқылы қоса беріліп) танымдық жағынан кең ауқымды, теорияны тәжірибемен ұштастыра білген, өмірмен байланысты мысалдар келтіре отырып, тыңдаушысын, яғни бізді, қызықтыра білген шебер ұстаз деп айтуға болады.
    Бұл онлайн-курсы тыңдаушы-ұстаздарға жаңа тың идеяларды ұсынып, өз тәжірибесінде тиімді қолдануға, шығармашылықтарын шыңдауға машықтырды.
    «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегендей, алда қызықты мәліметтерге толы күндер, курс тақырыбы аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдерінің барлық қыр-сырымен терең танысып, білімдерімізді жетілдіріп отыратынымызға сенімдіміз.
    Фариза Баққалиқызына шығармашықтың шыңына жетер жолы дара болсын деп тілектеспіз.

    Ізгі тілек білдіруші
    Нұр-Сұлтан қаласының
    #71мектеп-лицейінің
    қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
    Кунпеисова Салтанат Жұмаханқызы.

  2. Абилова Зауреш Тулегеновна

    «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы ПКБАИ 11.05 — 22.05.2020 жыл аралығын қамтитын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курс бастады.Курс тренері Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы жетекшілігімен басталды. Осы курстың бір аптасын бітірдік.Фариза Баққалиқызы өткізіп жүрген дәрістері пайдалы, құнды, керекті. Бір апта бойы өткізіп жатқан дәрістерден біраз мазалаған көптеген сұрақтарға жауап алып, білгенімізді анықтап, білмегенімізді біліп жатырмыз. Фариза Баққалиқызы тәжірибеде қолдануға құнды, тиімді дүниелермен бөлісіп отыр. Осы онлайн-курсына қатысып отырғаныма қуаныштымын.
    Нұр-Сұлтан қаласының
    № 1 мектеп-лицейінің
    қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    Абилова Зауреш Тулегеновна