Сайт Өрлеу

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

2020 жылдың 11 -22 мамыр аралығын қамтитын орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсы онлайн режимде басталды. Курсты жүргізуші тренер Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы.
Курс бағдарламасы оқыту орыс тілінде жүретін орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге және кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған.
Курстың мақсаты – орыс тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Міндеттері:
1) тілді деңгейлеп оқыту жүйесінің басты қағидаларын меңгеру;
2) мақсаттарға жету дағдыларын, сонымен қатар орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлаудың үлгісін меңгеру, сөйлеу әрекеттерін дамытуға аранлған тапсырмаларды дайындау дағдыларын жетілдіру, тілді сөздіктерді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеру, білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудың түрлі тәсілдерін қолдану;
3) критериалды бағалау әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру, шиыршықты оқыту және «CLIL» (Content and language integrated learning-контент энд лэнгуидж инегрейтид лёнинг) пәндік-тілдік кіріктіру дағдыларын меңгеру.

Один комментарий к “«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

  1. Салтанат Жұмаханқызы

    Қашықтан оқыту онлайн-курсы-
    бүгінгі күн талабы
    Бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп, қарусыз елді жаулап алған COVID-19 індетіне шарасыздан көніп отырмыз.
    Алайда, жер бетіндегі тіршілік жалғасуда…Біз, ұстаздар қауымы да, қол қусыра қарап отырмай, өз білімдерімізді жетілдіру жолында онлайн — курс жүйесінде дәріс алудамыз.
    «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығы Нұр-Сұлтан қаласы ПКБАИ 11.05 — 22.05.2020 жыл аралығын қамтитын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы курсқа қатыстық.Курс жаңартылған бағдарлама бойынша тренері Ғалымжанова Фариза Баққалиқызы жетекшілігімен басталды.
    Үш күнде алған әсеріміз қандай?
    Бұл дәрістен не ой түйдік?- деген мәселеге тоқтала кетсек…
    1-ші күні өтілген дәріс тақырыптары:
    «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кезеңдері», «Функционалды сауаттылық салалары » мен оқытудағы интерактивті оқыту формалары мен әдістері туралы және бәрімізге қатысты көкейкесті мәселе » Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын талқылай отырып, ұстаз тақырыбына эссе жаздық.
    2-ші күні » Саралап оқытудың тәсілі мен әрекеттерін » ,» Мәңгілік Елдің » 7 құндылығының нақты мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру жолдарын айқындадық.
    3-ші күні қазақ тілі мен әдебиетін деңгейлеп оқытудың тұжырымдамалық негіздері мен әдіснамалық және төл тілімізді оқытудағы жалпыеуропалық тіл құзыреттілігін бағалау туралы мағлұматтармен таныса отырып, өз білімдерімізді толықтырдық.
    Дәріс беруші — тренер Ғалымжанова Фариза Баққалиқызының жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігінің арқасында күнделікті YouTube арнасында тікелей эфирде берілген әр дәріс тақырыптары (слайд-презентация арқылы қоса беріліп) танымдық жағынан кең ауқымды, теорияны тәжірибемен ұштастыра білген, өмірмен байланысты мысалдар келтіре отырып, тыңдаушысын, яғни бізді, қызықтыра білген шебер ұстаз деп айтуға болады.
    Бұл онлайн-курсы тыңдаушы-ұстаздарға жаңа тың идеяларды ұсынып, өз тәжірибесінде тиімді қолдануға, шығармашылықтарын шыңдауға машықтырды.
    «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» дегендей, алда қызықты мәліметтерге толы күндер, курс тақырыбы аясында қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдіс-тәсілдерінің барлық қыр-сырымен терең танысып, білімдерімізді жетілдіріп отыратынымызға сенімдіміз.
    Фариза Баққалиқызына шығармашықтың шыңына жетер жолы дара болсын деп тілектеспіз.

    Ізгі тілек білдіруші
    Нұр-Сұлтан қаласының
    #71мектеп-лицейінің
    қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
    Кунпеисова Салтанат Жұмаханқызы.