Сайт Өрлеу

Химия сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

Химия сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

Химия сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұрсұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен 2020 жылғы 01-11 қыркүйек аралығында қашықтан оқыту форматында химия пәні тренері Ж.С.Кошкимбаеваның жетекшілік етуімен «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Химия» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» курсы өтуде. Курс барысында елордалық жалпы білім беру ұйымдарының химия пәні мұғалімдеріне Zoom платформасында «Химия сабақтарында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту» тақырыбында онлайн-сабақ өткізілді.

Сабақ химия пәнінің мұғалімдеріне қашықтан оқытуды ұйымдастыруда қолдау көрсету және оқыту барысында туындауы мүмкін сұрақтарды қарастыру, оң нәтижелерге жетуде туындап отырған қиындықтар мен мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын анықтау мақсатында жүргізілді.

Онлайн-сабақ барысында педагогтер химия пәнін оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын және зерттеу дағдыларын дамытатын және оқу үдерісіне тиімді педагогикалық әдістер мен тәсілдерді қолдану жолдары туралы кеңестер алды.