Өрлеу сайты

«Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы-2015 » интернет — байқауының қорытындысы

«Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы-2015 » интернет — байқауының қорытындысы

«Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы-2015 » интернет — байқауының қорытындысы

Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынаша ПҚ БАИ деңгейлік орталық тренерлері байқаудың Ережесіне сүйене отырып интернет-байқаудың қортындысын шығарды. Байқау Астана қаласының білім басқармасының қолдауымен 23 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өтті. Байқауға Астана қаласының білім беру ұйымдарынан 12 мектеп қатысты.

«Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы-2015» интернет байқауы Астана қаласы мектептерінің желілік қоғамдастық жұмысын қолдау және насихаттауға бағытталған.

Байқаудың мақсаты — мұғалімдерді қолдаудағы тиімді құрал ретінде желілік қоғамдастықты құру мен қызмет етуі бойынша үздік тәжірибені айқындау.

Байқаудың міндеттері:

  • бірлескен желілік қызметі мен кәсіби қарым-қатынас үшін педагогтардың өзара желілік тәжірибесін насихаттау;
  • қала мектептерінің біртұтас әдістемелік-ақпараттық кеңістігін дамыту;
  • мұғалімдердің әлеуетін желілік қауымдастық жұмысына белсенді қатысу арқылы дамыту;
  • желілік қауымдастықтарға педагогикалық қоғамдастықтың назарын аудару;

-Астана қаласы мектептері арасынан үздік  желілік қауымдастықтан анықтау;

1.1. Байқауға Астана қаласының келесі білім беру ұйымдары: №40 ОМ №36МГ, №70МЛ, №28ОМ, №38МЛ, №48МЛ, №65МГ, №25ОМ, №30МГ, №62МЛ, №68ОМ, №37 ОМ қатысты.

1.2 Байқаудың қорытындысын шығару үшін қазылар алқасы 2015 жылдың 23 қарашасы мен 04 желтоқсан аралығында сұраныс берген қала мектептерінің жұмысын төмендегі кесте бойынша критерии талаптарына сүйеніп бағалады.

1.3.Қазылар алқасы интернет байқаудың қорытындысын шығарып, байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады.

2.1. №30МГ, №48МЛ I-дәрежелі ДИПЛОМ берілді

№62МЛ, №68ОМ II-дәрежелі ДИПЛОМ берілді

№38МЛ, №28ОМ III-дәрежелі ДИПЛОМ берілді

2.2. «Мектептің кәсіби желілік қоғамдастығы-2015» интернет — байқауының «Үздік-тірек мектеп» номинациясы бойынша №40 орта мектепке ГРАМОТА берілді

2.3.Интернет байқауға қатысқаны үшін № 70 МЛ, №37ОМ, №36ОМ, №65МГ, №25ОМ СЕРТИФИКАТ берілді

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*

code

Яндекс.Метрика