Өрлеу сайты

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – ОҚУШЫНЫҢ ТАБЫС КЕПІЛІ

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫ – ОҚУШЫНЫҢ ТАБЫС КЕПІЛІ

IEA білім жетістіктерін бағалау бойынша Халықаралық Ассоциация (International Association for the Evaluation Educational) 2016 жылдың 29 қараша айында Астана уақытымен сағат 15.00-де TIMSS-2015 зерттеулерінің нәтижелерін ресми түрде жариялады (Trends in Mathematics and Science Study).

«Өрлеу» БАҰО АҚФ Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері TIMSS-2015 халықаралық зерттеулерінде қазақстандық оқушылардың жеткен жетістіктері жөніндегі бұл жаңалықты асқан қуанышпен қабылдады.

TIMSS-2015 халықаралық зерттеулеріне қатысқан қазақстандық оқушылар АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австрия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланд, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Турция мемлекеттерінің оқушыларымен салыстырғанда білім жағынан алға шықты, ал Ресеймен білімдері тең түсті.

Халықаралық зерттеуде Қазақстандық оқушылар жаратылыстану-математика пәні бойынша орта көрсеткіштен жоғары нәтиже көрсетті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы 2013-2014 жылдары білім беру жүйесін жаңғырту мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларын дайындау және өткізу бойынша өз уақытында шешім қабылдап, жүзеге асырды. Аталған іс-шаралар TIMSS-2015 халықаралық зерттеуіне қатысқан педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуде өзіндік үлесін қосты деп есептеуге болады.

Жоғарыда аталған уақыт аралығында Астаналық филиалда төмендегідей тақырыпта курстар өткізілді:

  • «PISA, TIMSS – оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалайтын халықаралық бағдарламаның маңызы»;
  • «Преподавание предметов цикла общественных дисциплин на основе современных требований к образованию»;
  • «Научно-методические основы развития предпрофильного и профильного обучения в контексте формирования основ функциональной грамотности»;
  • «Основы международных программ PISA, TIМSS по оцениванию знаний и умений учащихся»;
  • «Формирование функциональной грамотности учащихся начальных классов».

Астана қаласы мектептерінен 300 — ден астам мұғалім курстық дайындықтан өтті.

Халықаралық мәртебелі зерттеулерде қазақстандық оқушылардың жоғары нәтижедегі жетістіктерін қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстардың бірден бірі біліктілікті арттыру жүйесі қызметкерлерінің жоспарлы да тиімді ұйымдастырылған қызметтері екенін атауға әбден болады.