Өрлеу сайты

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2017 жылдың 15 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтарында жариялған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мақсатында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында еліміз үшін маңызы зор құжаттың басты міндеттері, еліміздің болашағын айқындайтын маңызды мәселелер туралы директор Л. А. Саинова сөз сөйледі. Жолдауда ел дамуындағы басымдықтар сараланып, қойылған әр міндеттің көздеген мақсаттары, қоғамды толғандыратын барлық өзекті мәселелер қамтылғаны туралы айтылды.

Отырыста Жолдаудағы Үшінші жаңғырудың бес басымдығы туралы, оның ішінде білім саласындағы дамудың маңыздылығы туралы психологиялық-педагогикалық қолдау кафедрасының аға оқытушысы Нұрмағамбетова Ж.С., кітапхана бөлімінің бастығы Искакова А.С. баяндады.

Ұстаздар өз пікірлерін білдіріп, Жолдаудың негізгі басымдықтарын жүзеге асыруда қалың педагогтар қауымына насихат жұмыстарын ұдайы жүргізіп, көрсетілген мәселелердің жоспарлы іске асырылуын қолдады.

Білім беру процесін педагогикалық-психологиялық

қолдау кафедрасы

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*

code

Яндекс.Метрика