Өрлеу сайты

Латын графикасын оқыту

Латын графикасын оқыту

Латын графикасын оқыту

2018 жылы 24 қыркүйекте «Өрлеу» БАҰО АҚФ педагог-тренерлеріне арналған «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жағдайында педагогтердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» тренерлердің біліктілігін арттыру курсы басталды. Курсты ұйымдастырушы Алматы қаласындағы     А. Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты. Курстың мақсаты: қазақ жазуын кириллицадан латын графикасына көшіру негізінде педагог-тренерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. Курс бағдарламасының міндеттеріне қазақ тілі латын графикасына көшіруде педагог тренерлердің кәсіби теориялық білімін кеңейту, латын графикасына көшіруде жаңа әліпби негізінде жазуды меңгерту, оқытуда көзшалым мен қолдағдысын үйрету, латын графикасына көшу жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша тренерлердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жатады. Курс барысында латын графикасының шығу тарихына тоқталу, қазақ жазуының тарихы, латын қаріпті жазудың фонетика-фонологиялық, орфографиялық, терминологиялық, ономастикалық оқу-әдістемелік негіздері және осы жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан процестер мен көшу жағдайындағы болатын өзгерістер туралы кеңінен айтылуда. Ғалымдар пікірі тыңдалып, сонымен қатар мәтіндерді талдау, пунктуация мәселесі, термин сөздер, пернетақтадағы әріптердің жиілігі, корпус классификациясы және оның түрлеріне тоқталып жатыр. Курс барысында қызу талқылаулар жүргізілуде.

 

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*

code

Яндекс.Метрика