Өрлеу сайты

СЕНІМ. ДИАЛОГ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ — «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 7 CЕРПІНІ  

СЕНІМ. ДИАЛОГ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ — «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 7 CЕРПІНІ   

СЕНІМ. ДИАЛОГ. БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ — «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ 7 CЕРПІНІ  

 

2019 жылдың 9 желтоқсанында елордалық Оқушылар сарайында қайта жүктеу бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша «Сенім. Диалог.

Болашаққа нық қадам — «Nur Otan» партиясының 7 Cерпіні» активінің жиналысы өтті.

Жиналысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының директоры және бастауыш партия ұйымының төрайымы — Людмила Александровна Саинова қатысты.

Актив жиналысын Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Ермекұлы Каналимов құттықтау сөзімен ашты. Ол өзінің алғы сөзінде эволюциялық дамуды және демократиялық тұрғыда қалыптасуды, гүлденген, бәсекеге қабілетті және әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруды қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының талапты да озық ойлы, еліміздің заңын сыйлайтын және еңбекқор әрбір азаматы өзіне және қоғамға зор пайда әкелері сөзсіз екенін атап өтті.

Күн тәртібінде партияның жаңа ақпараттық саясатының және дағдарысқа қарсы коммуникациялық технологияның өзекті мәселелері, сондай-ақ Партиялық бақылау комиссиясы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы қаралды.

«Nur Otan» партиясының қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская праймериз өткізудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті. Партияның кадрлық резервіне пилоттық іріктеудің нәтижелерін «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыру және аумақтық жұмыс департаменті директорының орынбасары Жұмабек Ермұхамед Нұрмаханбетұлы мәлімдеді.

Актив жиналысының соңында қатысушылар қайта жүктеу бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қабылдады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован.

*

code

Яндекс.Метрика