Өрлеу сайты

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту»

2020 жылдың 25.05-05.06 аралығын қамтитын Қазақ тілінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының 5-9 сыныптарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» біліктілікті арттыру курсы басталды. Курстың мақсаты қазақ тілінде білім беретін мектептердегі 5-9 сыныптарда «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру бағдарламасы аясында мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру.
Курстың міндеттері орта білім беру жүйесіндегі мұғалімдердің қызметін реттейтін, мемлекеттік саясат принциптерін және негізгі бағыттарын көрсететін нормативтік-құқықтық актлерді; мұғалімдердің кәсіби құзыретін дамытудың психологиялық-педагогикалық негіздерін зерделеу;
«Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін тиімді оқытуды ұйымдастыру және оқу қызметін жоспарлаудың тәжірибелік дағдыларын және оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға ықпал ететін проблемалық тапсырмалар мен тәсілдерді қолдану білігін қалыптастыру; тәжірибеде сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін IT-технологияны, жаңашыл әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдану білігін меңгерту.