Өрлеу сайты

«Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» — қалалық дөңгелек үстел

«Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» — қалалық дөңгелек үстел

«Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» — қалалық дөңгелек үстел

2020 жылдың Жедел жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Білім беруді жаңғырту орталығының қолдауымен 2020 жылғы 21 мамырда орта білім беру мұғалімдеріне арналған «Жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын педагогикалық тәсілдер мен әдістерді тиімді пайдалану» тақырыбында он-лайн форматта қалалық дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге: Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының Білім беруді жаңғырту орталығының өкілдері, мектеп мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедраларының оқытушылары мен мамандары қатысып, 100-ден аса адам қамтылды.

Мақсаты: қала мектептеріндегі жаңартылған білім беру мазмұнының негізін құрайтын тәсілдер мен әдістерді талқылау, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру аясында педагогтерді курстан кейінгі қолдау ерекшеліктерін айқындау.

Дөңгелек үстел барысында:

  1. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ директорының оқу-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары, PhD докторы — Ә.И.Чокушева «Педагогтың біліктілікті арттыру жүйесіндегі кәсіби даму жолдары;
  2. Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығының әдіскері — Ж.С.Маманова «Жаңартылған білім беру үдерісінде қашықтан оқыту тәсілдері мен әдістері»;
  3. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ «Білім беру үдерісін педагогикалық-психологиялық қолдау» кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі — Б.Ғ.Ғалымжанов «Жаңартылған білім беру бағдарламасындағы педагогикалық әдістердің тиімділігі»;
  4. Нұр-Сұлтан қаласы №6 гимназия директорының оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, химия пәні мұғалімі Г. А. Жаппарова «Химия» пәні бойынша жаңартылған бағдарламаның оқу материалын меңгерудегі менталді карталар»;
  5. Нұр-Сұлтан қаласы №56 мектеп-лицей директорының ғылыми-әдістемелік жұмыс бойынша орынбасары, биология пәні мұғалімі — С.А.Үйсімбаева және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «Шебер-педагог» — К.А. Алдажарова «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдары»;
  6. Нұр-Сұлтан қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі Н.А. Исмайлова «Бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында математика пәнінен қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тақырыптары бойынша мәселелер көтеріп, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды.

Рефлексия ұйымдастырылып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді, әдістемелік қолдау көрсетілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code