Өрлеу сайты

Біліктілікті арттыру — табыстылық көрсеткіші  

Біліктілікті арттыру — табыстылық көрсеткіші   

Біліктілікті арттыру — табыстылық көрсеткіші  

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен 18-29 мамыр аралығында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қашықтан, онлайн форматта қысқа мерзімді курс өткізілуде.

Курстың мақсаты — білім беру мазмұнының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру бойынша орыс тілі мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Курстың міндеттері: нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптерін зерделеу; оқытудың интерактивті және инновациялық әдістерін пайдалана отырып, орыс тілі сабағын жобалау білігін қалыптастыру; сыни ойлауды қалыптастыру әдістері мен тәсілдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.

Курс бағдарламасының мазмұнына нормативтік-құқықтық модуль, психологиялық-педагогикалық және мазмұндық модульдер, сондай-ақ технологиялық және вариативті модульдер кіреді. Әрбір модульдің өз мақсаттары мен міндеттері бар. Айта кетерлігі, оқыту жүйелі сипатқа ие, яғни тыңдаушылар білім берудің нормативтік-құқықтық базасынан бастап, сабақтың мазмұнына дейін ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. Тыңдаушылардың назарына сыни ойлаудың көптеген тәсілдері ұсынылды. Сондай-ақ, бағдарлама аясында орыс тілі бойынша оқыту мақсатына баса назар аударылды.

Курс барысында мазмұнды дәріс пен тыңдаушылармен кері байланыс арқылы әр модульдің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілді. Жансұлу Сағындыққызы әр модульге лайықталған бейнематериалдарды да ұтымды пайдаланды. Сонымен қатар, курс аясында вебинарлар өткізіліп, онда тыңдаушылар білім берудің жаңартылған мазмұны аясында тәжірибе алмасты.

Білікті тренер Жансұлу Сағындыққызының кәсби шеберлігінің арқасында курс бағдарламасы толықтай қамтылып, қызықты да мазмұнды өтті. Сонымен қатар, тыңдаушылар қашықтан оқыту форматының қыр-сырына да қанығып, YouTube арқылы Microsoft Stream, Google Meet платформаларында тәжірибе алмасты.

Институт тренері Жансұлу Сағындыққызына курстың шығармашылық тұрғыда мазмұнды ұйымдастырылғаны үшін және курстың онлайн өтуіне техникалық жағынан қолдау көрсеткен институт қызметкерлері Г.Б. Малдыбаева мен А.Е. Буйтековтің командалық жұмыстарына өз атымнан және әріптестерімнің атынан алғыс айтып, ризашылық білдіремін.

 

Құрметпен, Селиханова Шолпан Сагынаевна,

№ 72 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі