Өрлеу сайты

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған вебинар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған вебинар

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған вебинар

2020 жылғы 13 мамырда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ жоспарына сай «Білім беру үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент Н.А.Тойбазарованың жетекшілік етуімен бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Қашықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?» тақырыбында әдістемелік вебинар өтті.

Вебинардың мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды ұйымдастырудың тиімді жолдарын тәжірибеде көрсету арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуына әдістемелік қолдау көрсету.

Модератор Тойбазарова Нағимаш Әмірханқызы вебинарға қатысушыларға қазіргі таңда өзекті боп отырған «Қашықтан оқыту жағдайында бастауыш сыныпта жиынтық бағалауды қалай ұйымдастыруға болады?» деген сұраққа жауап беру мақсатында кең көлемде ақпарат берді.

Әдістемелік вебинардың «Тәжірибе алмасу» бөлімінде Нұр-Сұлтан қаласының №83 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Н.А.Сарсенова «Сауат ашу пәнінен қашықтан оқытуда жиынтық бағалауды ұйымдастыру», ал №81 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі М.С. Берикбаева «Қашықтан оқыту кезіндегі 1-сыныпта математика пәнінен «Бөлім бойынша жиынтық бағалауды ұйымдастыру» және №83 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі С.С. Жетписбаева «Қазақ тілі пәнінен 4-сыныпқа арналған жиынтық бақылау жұмысы» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті.

Вебинарға елорда мектептерімен қатар Қызыл-Орда, Ақтөбе, Семей қалаларының бастауыш сынып мұғалімдері, директордың орынбасарлары, әдіскерлер қатысып, 100-ден аса тыңдаушы қамтылды.

Вебинар соңында тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, әдістемелік кеңестер айтылып, кері байланыс жасалды.

Вебинар жұмысы тыңдаушылар ойынан шығып, өз мақсатына толық жетті деп айтуға болады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code