Өрлеу сайты

Педагогтерге қашықтан әдістемелік қолдау көрсету  

Педагогтерге қашықтан әдістемелік қолдау көрсету   

Педагогтерге қашықтан әдістемелік қолдау көрсету  

 

2020 жылдың Жедел жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен мамыр айының соңында орта білім беру мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту ерекшеліктеріне сәйкес оқыту: білімалушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, пәнаралық байланысты жүзеге асыру» тақырыбында онлайн семинар өткізді.

Семинарға: Нұр-Сұлтан қаласының мектеп басшылары мен мұғалімдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедраларының оқытушылары мен мамандары қатысып, 100-ден аса адам қамтылды.

Мақсаты: білім беру мазмұнын жаңарту ерекшеліктеріне сәйкес оқыту негізінде білімалушылардың функционалдық сауаттылығы мен рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын қарастыру арқылы педагогтерге қашықтан әдістемелік қолдау көрсету.

Семинар барысында әртүрлі маңызды тақырыптар бойынша мәселелер көтеріліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты және тәжірибелерін ортаға салды.

Рефлексия ұйымдастырылып, тыңдаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.