Өрлеу сайты

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері

2020 жылғы 01-11 маусым аралығында «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында онлайн форматта 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті. (Дәріскерлер Даулетбаева Г.К, Кульниязова А.С.)

Педагогтер негізгі үш модуль бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Әдістемелік тұрғыдан негізделген, мазмұнды дәріс тыңдаушылар қызығушылығын тудырып, белсенділіктерін арттырды. Курс кезінде ашық сабақ үлгілері көрсетіліп талқыланды. Мен кіммін? — деген сұрақтың маңыздылығын түсініп, әрқайсысы өз жауаптарын тапты. «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген Әл-Фарабидің тұжырымды ойының ақиқатын түсінді.

Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары жасақталып, Zoom платформасында қорғалды.

Кері байланыс алу барысында: «тренерлер Гүлнара Қасымханқызы мен Айжан Сисенқызының «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбындағы рухани- адамгершілік білім мазмұнының, мағынасы өте терең, адамды ойландыра отырып, өзіңді-өзің тануға алып келетіні бағдарламаның адам тәрбиесі үшін қажеттілігін сезіндірді. Өмір тәжірибелеріне сүйенген мысалдар, шынайы жүректен өткен әңгімелерді таразылап, күнделікті қарым-қатынастағы қарапайым қағидаттардың құндылығына көз жеткізе отырып, өмір тағылымдарын қайтадан саралайтын деңгейге жеттік. Сондай-ақ, өзіндік жұмыстарды орындау барысындағы біріккен жұмыстардың нәтижесі жүректен жүрекке жетіп, бізді шынайы қуантты», — деген лебіздерінен тыңдаушылардың ризашылықтарын байқаймыз.