Өрлеу сайты

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ — РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ — РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ — РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК НЕГІЗІ

2020 жылғы 15-25 маусым аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында онлайн форматында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті. (Тренерлер: Даулетбаева Г.К, Кульниязова А.С.)

Педагогтер негізгі үш модуль бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұнды идеясы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып, белсенділіктерін арттырды. Оқыту қашықтан өткізілсе де тыңдаушылар әрбір дәрісті ықыласпен тыңдады. Ізгілік педагогикасы авторларының бірі Ш.А.Амонашвилидің еңбектері оқылып, талданып, тыңдаушылар өз пікірлерін білдірді.

Тыңдаушылардың өз саналарындағы өзгерістерді сезінуі тапсырмаларды орындау барысындағы белсенділіктері мен кері байланыс кезіндегі шынайы пікірлерінен байқалды.

Курс тыңдаушылары алған білімдерін өз тәжірибелерінде кеңінен қолданып, рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда үлес қосарлары сөзсіз.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code