Өрлеу сайты

Бастауыш сынып мғалімдеріне арналған қашықтан оқыту курсы  

Бастауыш сынып мғалімдеріне арналған қашықтан оқыту курсы   

Бастауыш сынып мғалімдеріне арналған қашықтан оқыту курсы  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2020 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 27.07 — 14.08. аралығында «Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» тақырыбында курс жоспарланған болатын. Аталған қашықтан оқыту курсы 27 шілдеде Zoom платформасында өз жұмысын бастады. Курсқа елорда мектептерінен 25 педагог қатысуда.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның білім беру жүйесіне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасымен таныстыру болып табылады.

Курс тыңдаушылары оқу барысында білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу үрдістері контексінде педагогикалық шеберліктерін жетілдіреді.

Оқыту процесінде педагогтер: бастауыш мектеп пәндері бойынша оқу бағдарламаларының құрылымымен, мазмұнымен танысады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін педагогикалық тәсілдерді қолдануды үйренеді, сондай-ақ жаңартылған бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті дағдыларды пысықтайды.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code