Өрлеу сайты

ЦИФРЛЫҚ САБАҚТАР КОНТЕНТІ – МҰҒАЛІМДЕРГЕ КӨМЕК

ЦИФРЛЫҚ САБАҚТАР КОНТЕНТІ – МҰҒАЛІМДЕРГЕ КӨМЕК

ЦИФРЛЫҚ САБАҚТАР КОНТЕНТІ – МҰҒАЛІМДЕРГЕ КӨМЕК

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес «Өрлеу»БАҰО» АҚ 2020-2021 оқу жылына бірінші тоқсанның цифрлық сабақтар контенттерін әзірлеуді қолға алды. Әзірленетін сабақтар ауқымы өте үлкен. Атап айтқанда 5 028 контент әзірленіп, ұсынылу тиіс. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған цифрлық сабақ контентін ұйымдастыру әдістері, құрылымы мен тәсілдері қашықтан білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленуде. Бұл контент оқыту мен оқудағы мәселелерді шешу және оқыту нәтижелеріне жету үшін оқушының іс-қимыл алгоритмін ұсынады.
«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020-2021 оқу жылының І тоқсан пәндерінің филиалдар арасында сыныптар бойынша бөлінуіне сәйкес «Ағылшын тілі» пәнінен 1 – 7 сыныптарға және «Геометрия» пәнінен 10 – 11 сыныптарға қазақ және орыс тілдерінде цифрлық сабақтар контентін әзірлеуде. Әзірленген сабақтар «Өрлеу»БАҰО» АҚ Youtube «Білім беру» арнасында https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g жариялануда.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code