Өрлеу сайты

«Робототехника негіздері» курсы

«Робототехника негіздері» курсы

«Робототехника негіздері» курсы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен 22.06-03.07.2020 аралығында өткізілген «Робототехника негіздері» тақырыбындағы қашықтан оқыту курсы аяқталды.

Курсқа Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының информатика, физика және математика пәні мұғалімдері қатысты.

Курстың мақсаты мұғалімдердің робот техникасы құралдарын қолдану бойынша ақпараттық және техникалық сауаттылығын дамытып, педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Курстың алғашқы аптасында тыңдаушылар LEGO MINDSTORMS EV3-те бағдарламалауды үйренді. Екінші аптада Arduino бағдарламалау құрылғыларымен таныса отырып, роботтарды моделдеу және бағдарламалау жұмыстарын үйреніп, құрастыру дағдыларын меңгерді.