Өрлеу сайты

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік негізі  

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік негізі   

«Өзін-өзі тану» пәні рухани-адамгершілік негізі  

 

2020 жылдың 29 маусым – 10 шілде аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері» тақырыбында онлайн форматында 72 сағаттық біліктілікті арттыру курсы өтті (тренерлер: Даулетбаева Г.К, Кульниязова А.С.).

Педагогтер негізгі үш модул бойынша білім алды:

  1. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздері;
  2. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы мазмұнының аксиологиялық негіздері;
  3. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың әдістемесі.

Рухани-адамгершілік білім бағдарламасының мазмұнды идеясы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырып, белсенділіктерін арттырды. Оқыту қашықтан өткізілсе де тыңдаушылар әрбір дәрісті ықыласпен тыңдады. Тыңдаушылардың кері байланыс кезіндегі шынайы пікірлері бойынша тапсырмаларды орындау барысында өз саналарындағы өзгерістерді көре біліп өз тәжірибелерінде қолдана алғаны істерінен көрінді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code