Өрлеу сайты

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн курс

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн курс

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған онлайн курс

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 3.08 — 28.08.2020 ж. аралығында онлайн форматта Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытылатын мектептерде «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсы өткізілуде.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу контекстінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.

Оқыту процесінде педагогтер: орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша оқу бағдарламаларының құрылымымен, мазмұнымен танысады және оқытудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін педагогикалық тәсілдерді қолдануды үйренеді, сондай-ақ жаңартылған бағдарламаларды іске асыру үшін қажетті дағдыларды пысықтайды.