Өрлеу сайты

Тұрақты даму мақсаттары бойынша онлайн-тренинг

Тұрақты даму мақсаттары бойынша онлайн-тренинг

Тұрақты даму мақсаттары бойынша онлайн-тренинг

2020 жылғы 27 тамызда «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен институттың профессорлы-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне арналған «Тұрақты даму үшін білім беру. Тұрақты дамудың мақсаты 4. Сапалы білім беру» тақырыбында онлайн-тренинг өткізілді.

Институт тренері В.И. Нұрмағанбетова тренингтің материалдарын ЮНЕСКО-ның «ТДББ (тұрақты даму мүддесіндегі білім беру) онлайн курстарын әзірлеу үшін қашықтан білім беру технологиялары» тақырыбындағы қашықтан оқыту курсының қорытындылары бойынша дайындады.

Тренинг барысында қатысушылар тұрақты даму мақсатындағы білім беру, тұрақты дамудың 17 мақсаты, әлемдегі сапалы білім беру мақсатына жетудің 10 міндеті туралы өз ойларын кеңейтті. Қазақстандағы сапалы білім берудің міндеттері мен мәселелерін талқылады.

Visme-дегі инфографика, PowToon-дағы анимациялық ролик, Jamboard тақтасында кейс пен шағын-жобаның практикалық тапсырмаларын бірлесіп орындау, wooclap.com-да интерактивті дауыс беру, Google нысандары және басқа да АКТ құралдары арқылы жұмыс нәтижелерін бағалау ақпараттың үлкен көлемін визуализациялауды және қашықтан белсенді өзара әрекеттесуді қамтамасыз етті.

Қатысушылар тренингтің осындай интерактивті форматын педагогтердің біліктілігін арттыру курстарында, сондай-ақ педагогтер оқушылар арасында тұрақты даму саласындағы мақсаттарды онлайн-режимде ілгерілету үшін қолдануға болатындығын атап өтті.