Өрлеу сайты

Ерте ескерту жүйесін нығайту бойынша тренинг  

Ерте ескерту жүйесін нығайту бойынша тренинг   

Ерте ескерту жүйесін нығайту бойынша тренинг  

 

2020 жылғы 24-28 тамыз аралығында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ қызметкерлері «Қазақстандағы мектептік білім беру жүйесінен балалардың шығып қалуының алдын алу, анықтау және әрекет етуге арналған ерте ескерту жүйесі» тақырыбындағы онлайн тренингке қатысты.

Тренинг 3 бөлімнен тұрды:

  • Ерте ескерту жүйесі (ЕЕЖ)
  • Ата-аналармен серіктестік
  • Балаларды сүйемелдеудің жеке жоспарлары

Қазіргі уақытта БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Кембридж университетінің білім беру факультетімен, Назарбаев Университетімен және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-мен ынтымақтастықта ерекше білім беру қажеттіліктері мен мінез-құлық ерекшеліктері бар балалар, сондай-ақ мектептегі білім беру жүйесі арқылы үйде оқытылатын балалардың мектептік білім беру жүйесінен шығып қалуының алдын алу, анықтау және әрекет етуге арналған ерте ескерту жүйесін нығайту бойынша Бірлескен жобаны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын жақсарту үшін қажетті әртүрлі материалдар, технологиялар және қосалқы құрылғылар туралы берілген ұсынымдар мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтерге арналған біліктілікті арттыру курстарында пайдаланылатын болады.