Өрлеу сайты

Тренинг«Сабақты жоспарлау дағдыларын жетілдіру: сабақта оқыту стратегияларын тиімді пайдалану, оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған түрлі тапсырмаларды әзірлеу»

2020 жылдың Жедел жұмыс жоспарына сәйкес «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 2020 жылдың 10 қыркүйегінде білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «Сабақты жоспарлау дағдыларын жетілдіру: сабақта оқыту стратегияларын тиімді пайдалану, оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған түрлі тапсырмаларды әзірлеу» тақырыбындағы онлайн режимінде тренинг өткізді.

Мақсаты: сабақ жоспарлауда  оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі оқыту стратегияларын, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін қолдана отырып тапсырмалар әзірлеу бойынша мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету.

Тренингке Нұр-Сұлтан қаласының мектеп басшылары мен мұғалімдері, республиканың әр аймағынан білім беру ұйымдарының педагогтері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ кафедраларының оқытушылары мен мамандары қатысты. Барлыгы-150 адам. Тренинг барысында қатысушылар сабақ жоспарын әзірлеу бойынша жаңа тәсілдермен, жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әртүрлі оқыту стратегияларымен, оқытудың белсенді және интерактивті әдістерін тиімді қолдану жолдарымен танысты. Тренинг соңында тыңдаушылар кері байланыс беріп, өздерінің ризашылықтарын білдірді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code