Өрлеу сайты

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ«ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ АҚ«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ 2020 жылдың Жедел жоспарына сәйкес 2020 жылдың 30 қазаны күні «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеу» тақырыбында желілік ғылыми-практикалық он-лайн режимде өтетін конференция (әрі қарай – Конференция) жұмысына қатысуға шақырамыз. Конференцияны ұйымдастырушылар: «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты.Мақсатты  аудитория:- «Өрлеу» БАҰО» АҚ профессорлық-оқытушылық және тренерлік құрамы, басшылар, зертхана мен бөлім мамандары, Білім басқармасы әдіскерлері, мектепке дейінгі, орта білім беру, кәсіптік және техникалық білім беру  ұйымдарының басшылары мен педагогтері.Конференция мақсаты: Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеудің өзекті мәселелерін талқылау.Конференцияның міндеттері:- педагогтердің ата-аналармен өзара қарым-қатынасын кеңейту және өзара жауапкершілік қағидаты бойынша ынтымақтастықты құру мәселелерін қарастыру;- жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлға тәрбиелеу мәселелерінде өзін-өзі тану мұғалімдерінің, психологтардың, сынып жетекшілерінің және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының кәсіби деңгейін көтеру;- адамгершілік және рухани тәрбие мәселелерінде ұйымдардың жетістіктерін дамыту тәжірибесін зерттеу; — ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамытуға, бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін арттыруға бағытталған тиімді әдістер мен тәсілдерді қолдану тәжірибесін анықтау және қорытындылау.Конференцияның пленарлық бөлімінде Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген жеке тәрбиенің өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда. Конференцияның секциялық бөлімі практикалық озық тәжірибемен бөлісуге  арналады. Секциялар жұмысы келесі бағыттарда жоспарланған:I. Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан адамгершілік-рухани құндылықтарды дамыту.II. Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі.III. Отбасында жалпыадамзаттық құндылықтарды дамыту.Жұмыс тілі: қазақша, орысша.Өткізілу форматы:  Он-лайн.Конференцияға қатысушылардың мақалалары республикалық «Білімдегі жаңалықтар» журналында жарияланады; Конференцияға қатысу үшін 19-29 қазан аралығында klim.nata1971@gmail.com мекен-жайына Конференция мәселелері бойынша пікіріңізді, көзқарасыңызды көрсететін өтініш, мақала жіберу қажет.     Конференция жұмысының қорытындысы бойынша «Білімдегі жаңалықтар» электронды республикалық журналын шығару және оны http://orleuastana.kz/ сайтында орналастыру жоспарлануда.Барлық қатысушылардың  электронды пошталарына  pdf форматындағы қатысу сертификаттары жіберіледі.
«Білімдегі жаңалықтар» электронды республикалық журналына мақала жариялау үшін қойылатын талаптар:
Мақаланың көлемі  — 3-5 бет. Қағаздың өлшемі — А4, бағыты – кітап түрінде. Барлық жолдар — 2 см. Шрифт: гарнитура – «Times New Roman», кегль – 14, түсі – қара. Негізгі мәтінде қою боялған, курсивті және асты сызылған шрифтпен жазуға болмайды. Абзац: бірінші жол – 1,25 см., жол арасындағы интервал – дара, теңестіру – ені бойынша. Пайдалануға болмайтын жәйттар: жолдарды, беттерді, бөлімдерді мәжбүрлеп бұзу белгілері; автоматты тізімдер; сілтемелер; фотосуреттер; түсті элементтерді. Баяндама мәтініндегі әдебиетке сілтеме тік жақшалармен беріледі. Мақаланың басты тақырыбы жазба әріптерімен, жартылай қалың әріптермен (теңестіру ортада), бір жолдан кейін автордың Т.А.Ә. (3 автордан кем емес) курсивпен, жұмыс орнының атауы (ұйымның толық атауы); келесі жолдан – қала, ел атауы; байланыс ақпараты  (e-mail). Тақырыптың соңында нүкте қойылмайды.  Бір жолдан соң аңдатпа және түйін сөздер екі тілде жазылады: ағылшын және орыс (қазақ). Аңдатпа (2-4 сөйлем) мақаланың қысқаша мазмұнын көрсетіп, ақпаратты болуы қажет. Түйін сөздер 5-10 негізгі терминдерден құралуы тиіс. Бір жолдан кейін – мақала мәтіні. Басты мақала мәтінінен кейін қолданылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі керек (рәсімдеу үлгісінен қараңыз). Осы ережелерге сай келмейтін мақалалар қабылданбауы мүмкін. Редакция алқасы мақаланың мазмұны мен орфографиялық қателеріне жауап бермейді. Мақала мен өтінім Microsoft Word форматында жеке файлда электрондық нұсқа түрінде тапсырылады (мақаланың атауы бірінші автордың тегі және инициалдары, мысалы «Т.А.Ә. (мақала).doc (rtf). Мысалы: «Баяхметов А.Е.өтінім» «Баяхметов А.Е.мақала». Жарияланған жұмысты мұқият редакциялау және түзету қажет, плагиатқа тексеру керек.Егер бұл талаптар орындалмаса, ұйымдастыру комитеті мақаланы жарияламауға құқылы.ҚОСЫМША
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру тұрғысынан жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген тұлға тәрбиелеу» тақырыбында желілік ғылыми-практикалық он-лайн конференциясына қатысуға

ӨТІНІМ
1 Тегі, аты, әкесінің аты (толық түрде)

2 Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

3 Қызметі (қысқартусыз, толық)

4 Баяндама/мақала тақырыбы

5 Бағыты

6 Ұсынылған ұйым, қала, облыс (қысқартусыз)

7 Қаланың коды көрсетілген телефон (жұмыс)

8 Телефон (ұялы)

9 E-mail