Өрлеу сайты

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы онлайн курс  

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы онлайн курс   

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы онлайн курс  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 28.09-09.10. аралығында онлайн форматта өткізілген «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сынып пәндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру» курсы аяқталды. (Тренер Идилуп А.Т.)

Курстың негізгі мақсаты бастауыш сыныптарға арналған білім беру бағдарламасын жаңарту мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу болды.

Курс аясында педагогтер бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен, реттілігімен, мақсаттарымен және міндеттерімен танысты. Бастауыш сыныптарға арналған жаңартылған білім беру бағдарламасының идеяларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесінің идеяларын жүзеге асыру үшін оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқушының белсенді танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың педагогикалық тәсілдерін жоспарлаудың әдіс-тәсілдерін пысықтады. Сондай-ақ, педагогтерге кәсіби қызметтеріне қажет, қашықтан оқыту бойынша өзекті ақпараттық технологиялар пайдаланылды.

Курс барысында Екібастұз қаласының №1 мектеп-гимназиясының мұғалімі И.А. Радькованың Gore білім беру платформасында қашықтан сабақ әзірлеу бойынша өткізген шебер-сыныбы тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code