Өрлеу сайты

Біліктілік арттыру – уақыт талабы

Біліктілік арттыру – уақыт талабы

Біліктілік арттыру – уақыт талабы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сай 2020 жылғы 21.09 — 09.10 аралығында он-лайн форматта өткізілген «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» курсы аяқталды.

Курсқа Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.

Педагогтер курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен және бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысты.

Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді меңгеріп, оқу мақсаттарына негізделген сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін құруды және тапсырмаларға сәйкес дескрипторлар дайындауды түсініп, оны тәжірибеде қолдана білу жолдарын зерделеді.

Курс барысында алған білімдері бойынша белсенді оқыту әдістерін, саралау тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін қолданып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырып, курс соңында қорғады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code