Өрлеу сайты

Біліктілік арттыру — педагог шеберлігін жетілдіру жолы

Біліктілік арттыру — педагог шеберлігін жетілдіру жолы

Біліктілік арттыру — педагог шеберлігін жетілдіру жолы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен 2020 жылғы 28.09-09.10. аралығында онлайн форматта өткізілген Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында «Информатика» пәні бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсы аяқталды.

Курсқа Нұр-Сұлтан қаласы білім беру ұйымдарының информтика пәні мұғалімдері қатысты.

Біліктілік арттыру курсының мақсаты пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болды.

Педагогтер курс барысында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен және мақсаттарымен, ондағы материалдар күрделілігінің өсу ретімен танысты. Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдануды меңгеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін жан жақты түсініп оны қолдана білу жолдарын зерделеді.

Курс тыңдаушылары алған білімдері бойынша әртүрлі белсенді оқыту әдістерін, саралау тәсілдерін, критериалды бағалау жүйесін қолдана отырып, қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырып, курс соңында қорғады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code