Өрлеу сайты

Жолдау бағыттары жүзеге асырылуда

Жолдау бағыттары жүзеге асырылуда

Жолдау бағыттары жүзеге асырылуда

2020 жылғы 16 қазанда «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын жүзеге асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша этикалық негіздерді  талқылау жиыны өтті.

Институт директорының орынбасары Чокушева Алия Иагалиевна баяндама жасап, филиал қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған негізгі іс-шараларды ұсынды.

А.И. Чокушева басқарудағы моральдық-этикалық және құқықтық аспектілердің маңыздылығын атап өтті.

Көптеген ұйымдардағы негізгі міндет — моральдық-этикалық проблемалар мен даулы жағдайларды шешуге, кәсіби қызметті теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған корпоративтік этика қағидаттары мен нормаларын қалыптастыру және кәсіби ортаға енгізу болып табылады.

Филиал ұжымының мүшелері корпоративтік этика кодексінің және іскерлік қарым-қатынас нормаларының барлық негізгі ережелерін сақтайды, бұл әрбір қызметкерге институт пен жалпы қоғам тарапынан қызметтік және ұжымдық қызметте сенім мен қолдау алуға мүмкіндік береді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code