Өрлеу сайты

МҰҒАЛІМ – МӘРТЕБЕЛІ ТҰЛҒА  

МҰҒАЛІМ – МӘРТЕБЕЛІ ТҰЛҒА   

МҰҒАЛІМ – МӘРТЕБЕЛІ ТҰЛҒА  

 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ сайты мен әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында «Мұғалім – мәртебелі тұлға» айдарын ұсынып отырмыз. Айдарды халық ағарту ісіне зор үлес қосқан, алғашқы мұғалімдер қатарындағы танымал тұлғалардың бірі — Сәкен Сейфуллиннің ағартушылық қызметінен бастағанды жөн көрдік.

Сәкен Сейфуллин — Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. Одан кейін тағы бес жылдай Ақмолада оқып, 1913 жылы Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияға түседі, оны 1916 жылы бітіріп шығады. Оқу бітірген соң, елге келіп, ауылда мұғалім қызметін атқарады.

1925 жылы 7 сәуірде Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми орталықтың председателі, 12 шілдеде Қазақтың пролетар жазушылары ассоциациясының басшысы болып тағайындалды. Сәкен 1926 жылы БКП Өлкелік комитетінің партия тарихы бөлімінің меңгерушісі, 1927 жылы Қызылордадағы халық ағарту институтының, Ташкенттегі қазақ педагогика институтының директоры болып жұмыс істейді. Бұл институтқа тек педагогикалық кадрлар даярлау жүктеліп қойылған жоқ, халық ағарту жұмысының жалпы мәселелерімен айналысу, жаңа мектептің идеяларын халық арасында тарату міндеттері де жүктелді. С. Сейфуллин 1925-1928 жылдары Қазақ халық ағарту институтының директоры қызметін атқарады. Жалпыға бірдей міндетті оқуды іс жүзіне асыру, мектептердегі жұмыстың сапасын көтеру шараларымен қатар ересектер арасындағы сауатсыздықты жою жөнінде Қызылорда облысында да қыруар жұмыстар атқарады.

Оқу-ағарту ісі Сәкен Сейфуллин үшін қатардағы міндеттер ғана емес, өзекті мәселе болды. С.Сейфуллинді сол кезең жайлы, оқу-ағарту жұмысының деңгейі жайлы жазуға өмірдің өзі иетермеледі. Мәдени революцияның алғашқы кезінде: «Енді бір жиырма жылдың ішінде қазақ өнерлі халықтардың қатарына кіруі керек. Қазаққа оқу бұрын бір мәрте керек болса, енді мың мәрте керек. Оқусыз қазақтың болашақтағы күні қараңғы», — деген берік түсінікте болды Сәкен Сейфуллин.

Қазақ халқының біртуар азаматы С.Сейфуллин ұлтының сауатын ашып, бірлікке шақырды. Қазақстандағы оқу-ағарту ісін ұйымдастырып, дамытуға ерекше күш салды. Сондай-ақ қазақ елінің болашағын ана тілінің өрісінің кеңеюімен байланыстырып, қазақ тілінің кәсіп тіліне айналып, өмірдің барлық саласына енуін қолдады. Сәкен Сейфуллинді қазақ тілін қайта жаңғырту үшін күрескен ұлт зиялыларының бірегейі деуге болады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code