Өрлеу сайты

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курс

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курс

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курс

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2020 жылғы 09.11 — 19.11 мерзімі аралығында он-лайн форматта «Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері» бойынша біліктілік арттыру курсы басталды.

Курс бағдарламасының мақсаты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту жағдайында әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілерінде әдіскерлердің, мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Курс барысында тыңдаушылар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер туралы білімді өзектендіреді.

Сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалардың сыни ойлауын дамыту үшін интерактивті жұмыс нысандарын әзірлеу, өз қызметіне бағалау жүргізу, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі білім беру ұйымы тәрбиешісінің жұмыс тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша дағдылар пысықталатын болады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code