Өрлеу сайты

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ — БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ШЫҢДАУ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ — БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ШЫҢДАУ

БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ — БІЛІМ МЕН БІЛІКТІ ШЫҢДАУ

2020 жылдың 13 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұрсұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен қашықтан оқыту форматында өткізілген математика пәні мұғалімдеріне арналған «ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында «Математика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру» курсы аяқталды. Жаттықтырушы Боранбаева Л. К.

Курстың мақсаты: пән бойынша оқу бағдарламасын жаңарту мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу.

Курсты өткізу процесінде Оқу бағдарламасына сәйкес мұғалімдердің пән бойынша білімін қамтамасыз ету, педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын пайдалану, оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін пайдалану міндеттері іске асырылды.

Курс барысында тыңдаушылар оқыту қызметіне белсенді қатысып, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісіп, бір-бірінің нәтижелерін бағалады.

Курс соңында тыңдаушылар жаңартылған бағдарлама бойынша әзірленген қысқа мерзімді жоспарларын ұсынды және презентацияларын сәтті қорғады. Сапалы ұйымдастырылған курстар үшін филиал әкімшілігіне және тренерге пайдалы да мазмұнды дәрістер мен практикалық сабақтар өткізгені үшін үлкен алғыс білдірді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code