Өрлеу сайты

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ — ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ  

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ — ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ   

БІЛІКТІЛІК АРТТЫРУ КУРСЫ — ПЕДАГОГ ШЕБЕРЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛЫ  

 

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 2020 жылдың 26.10-13.11. аралығында онлайн форматта өткізілген «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру» курсы аяқталды.

Курсқа Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Курсқа Н. Ә. Тойбазарова жетекшілік етті.

Біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылды.

Педагогтер курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, мазмұнымен және бастауыш сынып пәндері бойынша оқу бағдарламаларының ерекшеліктерімен танысты. Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдерді меңгеріп, оқу мақсаттарына негізделген сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін құруды және тапсырмаларға сәйкес дескрипторлар дайындауды түсініп, оны тәжірибеде қолдана білу жолдарын зерделеді. Курс барысында алған білімдері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрастырып, курс соңында жоба қорғады.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code