Өрлеу сайты

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ЭСТАФЕТАСЫ

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ЭСТАФЕТАСЫ

ҮЗДІК ПЕДАГОГТЕР ЭСТАФЕТАСЫ

«Мұғалім – мәртебелі тұлға» айдарында Нұр-Сұлтан қаласының №6 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі — виртуалды білім беру бағдары аясында Үздік педагогтер эстафетасына қатысушы Халиулина Вероника Анваровнаны ұсынамыз.

Вероника Анваровнаның білім беру саласындағы педагогикалық еңбек өтілі 28 жыл. Ол халықаралық, республикалық және қалалық конкурстардың жүлдегері. Атап айтқанда педагогикалық идеялар фестивалі, республикалық видео-сабақтар конкурсы және т.б. Тәжірибелі ұстаздың дарынды шәкірттері халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалардың жеңімпаздары. «Зерде» ғылыми жобалар байқауына, халықаралық жобаларға, қашықтан онлайн-олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарды иеленген.

Көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Дарын» РҒПО, Білім басқармасының, «Ашық Халықаралық университет» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің алғыс хаттарымен марапатталған. Томск қ. (Ресей), «Қазақстанның жаңа экономикасы, даму мүмкіндіктері мен перспективалары» атты жоғары оқу орындары арасындағы студенттік ғылыми-практикалық конференцияда баяндама жасағаны үшін Қазақстан экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті ректорының грамотасымен, Дипломнан кейінгі педагогикалық білім беру Санкт-Петербург академиясының физика-математикалық білім беру кафедрасының Алғыс хатымен, «Цифрлық ғасыр мектебі» бүкілресейлік жобасының ұйымдастыру комитетінің «Цифрлық ғасыр мұғалімі» дипломымен марапатталған, ҚР БҒМ Құрмет грамоталарымен, Тұңғыш Президент күніне орай «Халық алғысы» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Вероника Анваровна бастауыш сыныптарға арналған оқу-әдістемелік әдебиеттің тұрақты сарапшысы болуымен қатар, қалалық семинарларға үнемі қатысып, бастауыш сынып мұғалімдері мен курс тыңдаушыларына арналған шебер-сыныптар авторы ретінде өз тәжірибесімен бөлісіп тұрады. Жұмыстары БАҚ беттерінде де үздіксіз жарияланады. «Бастауыш сыныптардағы оқулықтардың сапасы туралы» мақаласы Петропавл қаласында өткен «Қозыбаев оқулары» республикалық ғылыми-практикалық конференциясының ғылыми мақалалар жинағында, «Үздіксіз білім берудегі сандық технологиялар» мақаласы «Үздіксіз білім беру» Халықаралық форумының материалдары топтамасында, Челябинск қаласы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Хабаршы» ғылыми журналында «Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарындағы АКТ — оқыту сапасын арттыру құралы ретінде» мақаласы, «Болашақ информатика мұғалімдерін мобилді қосымшаларды қолдануға дайындау» мақаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғам ақпараты» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары топтамасында, «Үздік адамдар. Білім берудегі үздіктер» мақаласы Халықаралық үлкен энциклопедияда жарық көрді.

Сонымен қатар Вероника Анваровна «Орыс тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды пайдалану», «Оқушыларды туристік-өлкетану қызметі құралдарымен тәрбиелеудегі интерактивті тәсіл», «Бастауыш сыныптардағы математика сабақтарында АКТ — оқыту сапасын арттыру құралы ретінде», «АКТ қолдана отырып бастауыш сыныптардағы жобалау қызметі», «Ж.Д. Караев әдістемесі бойынша бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білім сапасын арттыру нысандарының бірі — көп деңгейлі тапсырмаларды қолдану» тақырыптарындағы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралдардың авторы ретінде бірнеше жұмыстарын көпшілікке ұсынған.

Вероника Анваровна педагог-әдіскер, педагогика ғылымдарының докторы, бастауыш және мектепке дейінгі білім беру кафедрасының профессоры, РФ Президенті жанындағы Ресей Мемлекеттік қызмет академиясы стратегиялық жобалау кафедрасының жетекші маманы, РФ жоғары кәсіби білім беру ісінің құрметті қызметкері Л.Г. Петерсонмен авторлық бірлестікте математика пәні бойынша 1 — сыныпқа арналған көптеген әдістемелік құралдар, бағдарламалар мен оқулықтарды дайындап шығарған.

ҚР МЖМБС және педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау ережелерін әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрамында болуымен қатар, ұзақ уақыт бойы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен ынтымақтастықта жұмыс атқарып келеді. Үлгілік оқу жоспарлары, Үлгілік оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды әзірлеу және пысықтау жөніндегі республикалық жұмыс тобының құрамында да болуы Вероника Анваровнаның білімі мен білігінің жоғары әрі озық тәжірибелі, білікті маман екендігін білдіреді.

«Өмір бойы оқу», «үздіксіз оқу» қағидатын ұстанған Вероника Анваровна «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыратын педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша түрлі курстар мен қашықтан оқыту курстарының белсенді тыңдаушысы болып табылады, халықаралық вебинарларға да үнемі қатысады.

Үздік педагогтер эстафетасына Вероника Анваровнаның таңдалғаны кездейсоқ емес. Елордалық филиалдың IT-мамандары мен тренерлерінің техникалық және әдістемелік сүйемелдеуінің арқасында Вероника Анваровнамен екінші тоқсанда бастауыш сыныптарға арналып, қызықты да мазмұнды 8 видео-сабақ сабақ әзірленді.