Өрлеу сайты

Қашықтан оқыту жағдайындағы критериалды бағалау

Қашықтан оқыту жағдайындағы критериалды бағалау

Қашықтан оқыту жағдайындағы критериалды бағалау

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ 2020 жылға арналған жоспарына сәйкес 10 желтоқсанда онлайн режимде «Қашықтан оқыту жағдайында критериалды бағалауды енгізудің өзекті
мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: қашықтан оқыту жағдайында критериалды бағалауды енгізудің өзекті мәселелерін шешу, шешу жолдары мен ұсыныстар.
Дөңгелек үстелдің модераторы — «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ аға оқытушысы Ф.Б.Ғалымжанова. Институт директорының ОӘЖ жөніндегі орынбасары А.И. Чокушева алғы сөзімен дөңгелек үстел жұмысын ашық деп жариялап, сәттілік тіледі.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің пән мұғалімдері, мектеп педагогтері, кафедра оқытушылары және «Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ бөлімдерінің мамандары қатысты.
Талқылау және пікір алмасу келесі мәселелер бойынша өтті:
1. Бүгінгі таңда қалыптастырушы бағалауда ұпайларды пайдалану қаншалықты дұрыс жүзеге асырылады.
2. Баллдық жүйе оқушылардың жауапкершілігін қаншалықты арттырды.
Дөңгелек үстел жұмысының соңында ұсыныстар қабылданды.