Өрлеу сайты

ТЖКБ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

ТЖКБ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

ТЖКБ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ

2020 жылдың 07-11 желтоқсан аралығында елордалық «Тұран» колледжінің оқытушылары үшін «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі педагогінің кәсіби дамуы» онлайн-форматында педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсы өткізілді.

Аталған курстардың мақсаты білім беру мазмұнын жаңартудың тұжырымдамалық идеялары аясында білім беру процесін ұйымдастыруда колледж оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.

Курс аясында нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген Орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен принциптері түсіндірілді.

Тыңдаушылар жалпы білім беру пәндері бағдарламаларының жаңартылған тұжырымдамалық және әдістемелік ерекшеліктері бойынша білімдерін толықтырып, саралау және критериалды бағалау қағидалары туралы білім аясын кеңейтті. Б.Блумның таксономиясына сәйкес сараланған, құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды жобалауды үйренді.

Курс тыңдаушылары өз жұмыс тәжірибесінен белсенді оқыту әдістерін талқылап, талдап, әріптестерімен бөлісті.

Курстық оқыту барысында ZOOM бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, онлайн оқытудың белсенді әдістері де кеңінен қолданылды.