Өрлеу сайты

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

2020 жылғы 22 желтоқсанда елордалық филиалда Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдеріне арналған «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында онлайн форматта біліктілікті арттыру курсы аяқталды.

Курстың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ететін арнайы жағдайларды ұйымдастыру және құру бойынша мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Курстың білім беру бағдарламасы психологиялық-педагогикалық қолдау, түзету-дамыту және үйде оқыту технологияларын қолдану, жеке білім беру бағдарламасын құру, әр бала үшін оңтайлы педагогикалық бағыттарды жобалау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Тыңдаушылар курс барысында жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті процестерді реттейтін нормативтік-құқықтық база ережелерімен танысып, әлемде және Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамыту үрдістері туралы түсініктерін кеңейтті. Мүгедектікті философиялық және әлеуметтік түсіну, инклюзивті білім беру қағидаттары, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқытудың, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық-педагогикалық және психологиялық негіздерін инклюзивті білім берудің теориялық-әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздері бойынша қамтамасыз етілуін зерделеді.

Курстық оқытуда саралау және даралау принципі, андрагогикалық тәсіл міндетті шарт болды. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың әлеуметтік-педагогикалық процесін ұйымдастыру мұғалімдер қызметінің нысаны болып, іс-әрекеттің өзіндік элементтері: мотив-мақсат-құрал-нәтиже болып табылды.

Тыңдаушылар курс бағдарламасынан алған білімдерінің маңыздылығын, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту жүйесіндегі инновациялық тәсілдердің тиімділігін өз пікірлері арқылы жеткізді.

Пікір қосу

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

code