Өрлеу сайты

Инклюзивті білім беруді дамыту — білім алуға тең қол жеткізу

Инклюзивті білім беруді дамыту — білім алуға тең қол жеткізу

Инклюзивті білім беруді дамыту — білім алуға тең қол жеткізу

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ПҚ БАИ 30.11-05.12.2020 ж. аралығында Нұр-Сұлтан қаласы №62 МЛ тапсырысы негізінде «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» тақырыбында онлайн форматта ZOOM платформасында біліктілік арттыру курсын өткізді. (Куратор — Курмашева А.Н.)
Курстың мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім алушылардың білім алуына тең қол жеткізуді қамтамасыз ететін білім алу үшін арнайы жағдайларды ұйымдастыру және құру бойынша педагогтің кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Курстық дайындықты ұйымдастыру кезінде оқытуды саралау және даралау принципі, андрогендік тәсіл міндетті шарт болды. Курс барысында барлық жұмыс іс-әрекет қызметі бойынша құрылып, оқытудың интерактивті әдістері мен тәсілдері белсенді қолданылды:
— педагогикалық диагностика;
— оқытудың интерактивті әдістері;
— пікірталас;
— дидактикалық материалды таныстыру;
— кері байланыс.
Курстық оқыту барысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытудың әлеуметтік-педагогикалық процесін ұйымдастырудағы тұтас педагогикалық процесс мұғалімдер қызметінің нысаны болды. Мұғалімдердің іс-әрекетінің өзіндік элементтері: мотив-мақсаттар-құралдар-нәтиже блып табылды.
Тыңдаушылар курс бағдарламасынан алған білімдерінің маңыздылығын, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды оқыту жүйесіндегі инновациялық тәсілдердің тиімділігін өз пікірлері арқылы жеткізді.