Өрлеу сайты

«Білімдегі жаңалықтар» ақпараттық-әдістемелік журналы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР!

«Білімдегі жаңалықтар» ақпараттық-әдістемелік журналы «Өрлеу» БАҰО  АҚ филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының арнайы шығарылымы болып табылады. Журналдың тоқсанына бір рет шығарылады.

Баспаның негізгі мақсаты – ҚР білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін айқындайтын ақпараттық-әдістемелік  мақалаларды, педагогикалық ұжымның және оқу орындары қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесі, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау бойынша әлеуметтік серіктестіктермен бірге жұмыс туралы, әлем мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің даму жағдайы туралы материалдар жариялау. Журнал беттерінде ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен нормативті-құқықтық құжаттар және басқа да білім беру мекемелерінде  өңделген оқу-әдістемелік, ақпараттық-аналитикалық материалдар, шетелде білім беру жүйесін дамыту туралы жұмыстар жарияланады.

Ақпараттық-әдістемелік журналдың Қосымшасында қаланың барлық мекемелері педагогтарының сабақ жоспарлары және сабақтан тыс іс-шаралары ай сайын жарияланады.

Асамбаев Мурат Жумабаевич — зертхана меңгерушісі (орыс тілінде)

Бегалина Орынбасар Абусагитовна — SMM маманы (қазақ тілінде)

Байланыс телефоны: 8 7172 48-76-85

Материалдар asambaevm@mail.ru Orynbasar_begalina@mail.ru эл. поштасына жіберілсін.

Редакция мекен-жайы: Нур-Султан қаласы

Мәңгілік Ел, 18